ARDA.KZ ақпараттық сайты
Жаңалықтар

Зайсанның Ақаралында Beeline іске қосылды

Зайсанның Ақаралында Beeline іске қосылды

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының Біржан ауылдық округіне қарасты Ақарал ауылында Beeline операторының жаңа базалық станциясы іске қосылды. Ауыл тұрғындары енді сапалы мобильді байланыс пен жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізді.

Бұл жоба «Кар-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен облыс әкімдігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде жүзеге асты.

Ақарал ауылында іске қосылған бұл бастама ауыл тұрғындарының өмір сапасын айтарлықтай жақсартып, цифрлық теңсіздікті азайтуға ықпал етеді.

«Бұрын байланыс болмады, тек стационарлық телефондар болды. Қазір ауылға жаңа технологиялар жеткеніне қуаныштымыз. Енді туыстарымызбен қиналмай хабарласып, жағдайымызды біле аламыз», — деді Ақарал ауылының тұрғындары.

Одан бөлек, жаңа станция жастар мен кәсіп іздеген азаматтарға, ұстаздар мен дәрігерлерге қолайлы жағдай жасап отыр.

Ұқсас жаңалықтар

The Workout Plan To Get Ripped Without Breaking A Sweat

admin_arda

Smartphone Separation Anxiety: Scientists Explain Why You Feel Bad

admin_arda

iPhone 8 Leak Reiterates Apple’s Biggest Gamble

admin_arda