ARDA.KZ ақпараттық сайты
ЖаңалықтарМәдениет

Өнер музейінде «Алтын Алтай» көрмесі ашылды

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық өнер музейінде «Жаңғыру» суретшілер шығармашылық бірлестігінің «Алтын Алтай» атты ұжымдық көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.

Экспозицияда Алтай табиғатының әсем көріністері, ұлттық дүниетаным мен заманауи өнердің үйлесімі көрініс тапқан.

Қатысушылар қатарында – Гүлнар Бекбердинова, Ержан Тұрғанбаев, Әділет Ниязбеков, Мәди Қайырхан, Қуаныш Акуов, Эльзара Даниярова, Жақаев Қуанған және Данияр Алдабергенов дарынды суретшілер бар.

Әрбір туынды – туған жерге деген сүйіспеншілік пен рухани жаңғырудың көркем бейнесінің дәлелі.

Көрме 11 қарашадан 7 желтоқсанға дейін ашық.

Ұқсас жаңалықтар

This Friendship Day #LookUp To Celebrate Real Conversations

admin_arda

Ryal Stomaz and Robbie Gibson Explore The World’s Nature Through Drone

admin_arda

Шығыстың бас шаһарындағы Абай ескерткіші жаңарады

Orazay Jenis