ARDA.KZ ақпараттық сайты
Жаңалықтар

Эстетика мен пәлсапа үйлесімі: Өскеменде грузиялық суретшінің көремесі ашылды

Бүгін облыс орталығындағы Өнер музейінде грузиялық жас суретші Кристина Ахалаяның «Бір соқпақта» атты жеке көрмесі ашылды, деп хабарлайды Arda.kz.

Көрмеде анималистика мен қалалық пейзаж жанрындағы 40-тан астам акварель, майлы және акрил бояуларымен салынған туындылар ұсынылды.

«Бір соқпақта» көрмесі – суретшінің пейзаж бен анималистикаға деген терең қызығушылығын айқын көрсететін ерекше жоба. Суретшінің қылқаламынан туған әрбір туындысы – нәзік эстетикасымен және терең философиялық мазмұнымен ерекшеленеді.

Көрменің ашылу салтанатына қатысқан суретші Николай Павлович, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Ольга Плотникова және қала тұрғындары «Бажова көшесіндегі жаз», «Стрелкадағы мұнаралар», «45-ші дәріхана алдында», «Лихарев көшесіндегі Андреев шіркеуі», «Ушанов алаңы», «Жағалау» сынды Өскеменнің көрікті жерлері бейнеленген түрлі пейзаждарды тамашалап, картиналар жайлы өз ойларымен бөлісті.

– Бұл көрмені өткізгім келген себебім – өз жұмыстарыммен, дәл осы қалада, Өскеменде салған көріністермен бөліскім келді. Мен бұл қалаға келгенде, қаланың архитектурасына, табиғатына тәнті болдым. Сол сәттен бастап Өскемен көшелерінің, қаланың көріністерін салуға шабытым оянды, – дейді суретші Кристина Ахалая.

Айта кетейік, «Бір соқпақта» көрмесі 3 тамызға дейін жұмыс істейді.

Ұқсас жаңалықтар

21 Quinoa Salad Recipes to Try This Spring

admin_arda

ШҚО-да дәрігерлерге құрмет көрсетілді

Orazay Jenis

Minimal Living | 7 Ways To Adopt A Minimalist Living Space

admin_arda