ARDA.KZ ақпараттық сайты
АймақЖаңалықтар

Өскеменде бірегей фармацевтика қоймасы ашылды

Өскеменде «Медсервис Плюс» компаниясының заманауи фармацевтикалық логистика хабы ашылды.

7000 шаршы метр аумақты алып жатқан А+ санатындағы жаңа хабта 4 000 астам паллетке орын бар. Ашылу салтанатына қатысқан сарапшылар оның «ірі және жоғары халықаралық талаптарға сай келетін өңірдегі мейлінше технологиялық фармацевтика қоймасы» екенін атап өтті.

«Медсервис Плюс» компаниясының  мәліметінше, жобаға салынған жалпы инвестиция көлемі – 4,4 млрд теңге. Жаңа нысанда қазірдің өзінде 100-ден астам жоғары біліктілікті қажет ететін жұмыс орны ашылды. Мұнда логистика және сапа жөніндегі мамандар мен фармацевтер Шығыс Қазақстанда фармацевтика саласының жаңа ортасын қалыптастыратын кәсіби мамандар жұмыс істейді.

«КФК «Медсервис Плюс» ЖШС жобаны жүзеге асыру барысында «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен әріптестік орнатты. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі қолдау көрсетті.

– Өскеменде фармацевтика хабын ашу көптеген тараптың үлесімді жұмыс істеуінің арқасында жүзеге асты: әркім өз үлесін қосты. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне, «Ертіс» ӘКК мен «Алтынбанкке» айрықша алғыс айтамыз. Біздің компания үшін әр адамның өмірі маңызды, сондықтан да Қазақстанның шығыс өңірінде стратегиялық тұрғыдан мәні зор әрі әлеуметтік маңызы бар нысан ашуға тырыстық. Мемлекет басшысы фармацевтика саласын дамыту «елдің бәсекеге қабілетті болуы мен қауіпсіздігі жолындағы маңызды фактор» екенін айтқан еді, сондықтан да біз экономикалық жағдайға қарамастан елімізге инвестиция салуды және тартуды, жаңа технологияларды пайдалануды және отандық өндірісті дамытуды жалғастырамыз, – деді «Медсервис Плюс» компаниясының басқарма төрағасы Жанат Умаров.

Ірі логистикалық фармацевтика хабының ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облысының әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омар қатысты.

– Бүгін біз маңызды оқиғаның куәсі болдық –  өңірде «Медсервис Плюс» компаниясының заманауи фармацевтикалық үлестіру хабы ашылды. Бұл жоба Шығыс Қазақстанның технологиялық, орнықты және жауапкершілікке құрылған болашаққа сенімді қадам жасағанын көрсетеді, – деді Жақсылық Омар.

Ұқсас жаңалықтар

House Beautiful: Passive House A Green Dream Come True

admin_arda

Why You Should Pound Chicken Breasts Before Cooking Them

admin_arda

Microsoft Details Updates To The Bing Maps Web Control

admin_arda