ARDA.KZ ақпараттық сайты
АймақЖаңалықтар

Самарда маңызды жол жөнделіп жатыр

Өскемен-Самар-Васильев өткелі бағытындағы автожолда орташа жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Arda.kz.

Бұл жол аймақтың туристік инфрақұрылымын дамыту және демалыс аймақтарына көлікпен жетуді қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызға ие.

Жоспар бойынша екі жыл ішінде жалпы ұзындығы 21 шақырым болатын жол жөнделуі тиіс. Оның 6 шақырымы биыл толық жаңартылады.  Бас мердігер – «ДСУ-14» ЖШС.

– Аудан тұрғындары туристік және транзиттік әлеуеті жоғары бұл жолды жөндеу қажеттігін туралы мәселені бірнеше рет көтерген болатын. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жобаны осы жылы іске асыру туралы шешім қабылданды, – деді Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін алты жылдан астам жұмыс істемей тұрған Васильев өткелі қайта іске қосылған болатын. Жол жөндеу жұмыстары ауданның көлік желісінің байланысын күшейтіп, әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Microsoft’s Surface App Shows Accessory Battery Levels

admin_arda

Thailand Earns Nearly 70 Awards in SmartTravelAsia.com

admin_arda

A Home So Uncluttered That It Almost Looks Empty

admin_arda