ARDA.KZ ақпараттық сайты
АймақЖаңалықтар

Өскемен-Риддер жолын жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?

Өскемен-Риддер жолы қайта жаңартылып жатыр. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жол жұмыстарын бақылап көрді.

105 шақырымға созылатын аталмыш жол өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін маңызды бағыттардың бірі. 2024 жылы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның қаржыландыруымен Өскемен қаласынан Секисовка ауылына дейінгі 30 шақырым жол жөнделіп, пайдаға берілді. Енді Риддерге дейінгі 75 шақырым жол жөнделуде. Қазір 49 шақырым учаске жөнделді. Жол жұмыстарына 60-тан астам жол-құрылыс техникасы тартылып, 103 қызметкер жұмылдырылған.

Жөндеу жұмыстары қазан айында толық аяқталуы тиіс.

– Негізі келісімшартқа сәйкес кепілдік мерзімі екі жыл еді. Біз мердігер компаниямен келісіп, бұл мерзімді үш жылға дейін ұзарттық. Осы уақыт ішінде қандай да бір кемшіліктер анықталса, компания өз есебінен барлығын қалпына келтіреді. Жөндеу жұмыстарын қатаң бақылауда ұстаймыз, – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Ұқсас жаңалықтар

Самарда маңызды жол жөнделіп жатыр

Orazay Jenis

Photo Exhibit Puts Talents, Emotion On Display

admin_arda

Зайсандағы 8 ауылға қашан газ тартылады?

Orazay Jenis