ARDA.KZ ақпараттық сайты
Жаңалықтар

Тарбағатайдың төрт ауылына ауыз су тартылады

Тарбағатайдың төрт ауылына ауыз су тартылады

Тарбағатай ауданында 2023 жылы су және кәріз жүйесі құрылыстарына 615,6 млн теңге қаражат бөлініп, 8 жоба жүзеге асырылған. Ал 2024 жылы 8 жобаға 346,1 млн теңге қаражат бөлінген. Ендігі кезекте 1,6 млрд теңгеге төрт ауылға ауыз су тартылмақ.

Құйған және Жаңауыл ауылдарына 2023 жылы ауызсу жүйесі желілерін қайта жаңғырту жұмыстары басталып, ағымдағы жылы аяқталады деп жоспарланған. Жобаның жалпы құны 842,0 млн теңге. Сондай-ақ   «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Ақжар ауылының кәріз жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып,  жеке тұрғын үйлерді орталық кәріз желісіне қосу жұмыстары жүргізілген., Оған 418,1 млн теңге қаржы жұмсалған.

– Қазіргі уақытта, Жаңатілеу, Асусай, Шорға, Шеңгелді ауылдарында су құбыры желілерін салу үшін қаражат бөлініп, мердігерлер анықталды, құрылыс жұмыстары басталуда. Жобаның жалпы құны – 1 668,4 млн теңге, 2025 жылға бөлінген қаражат – 663,3 млн теңге, – деді  Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз жиынында Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары Марат Қызов.

Болашақта  Шолақорда, Тауке, Ахметбұлақ ауылдарына су құбыры желілерін салу жоспарланған, бүгінгі күні жобалардың құжаттары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Сонымен қатар, аудандық бюджеттен Жамбыл және Дәулетбай ауылдарына су құбыры желілерін салуға құжат әзірлеу үшін 10,0 млн теңге және Қарой, Сарыөлең Жалғызтал, Шеңгелді ауылдарының жер асты су қорларын тексеруге 2,0 млн теңге қаражат бөлінген.

Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары жоғарыда аталған жобалар іске асырылатын болса, аудандағы барлық ауылдық елді-мекендер 100% орталықтандырылған таза ауыз сумен қамтамасыз етілетінін айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Шығыстың бас шаһарындағы Абай ескерткіші жаңарады

Orazay Jenis

Fitness | How To Start (Or Get Back Into) Running

admin_arda

Қазақстандықтар маусымда қалай демалады: күнтізбе

admin_arda