ARDA.KZ ақпараттық сайты
АймақЖаңалықтар

Өскеменде 5 мың орындық жабық стадион салынады

Өскеменде 5 мың орындық жабық стадион салынады

Елімізде УЕФА талаптарына сай келетін бес жаңа стадион салынады. Бұл нысандардың он мың және одан да көп орындық трибуналары болады.

Туризм және спорт минстрлігінің мәліметінше, елімізде 28 негізгі стадион жұмыс істейді. Ендігі кезекте 14 жаңа стадион салу қажеттілігі бар. Ал жұмыс істеп тұрған 11 стадион жөндеуді немесе қайта жаңартуды талап етеді. Бұл туралы министрліктің kaz.inform.kz сайтының жолдаған сауалына берген жауабында айтылған.

Онда Өскемен қаласында 5 мың орындық жабық стадион салынады делінген. Жер учаскесінің ауданы – 9,8 гектар, сараптама қорытындысын алу мерзімі — 2025 жылғы қыркүйек. Стадионның жобалау-сметалық құжаттамасы алдағы уақытта әзірленбек.

Сондай-ақ бүгінде елімізде 9 стадион салу үшін қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатқаны айтылған. Оның ішінде екі нысанның құрылыс жұмыстары қолға алынған.

Айта кетейік, осы жылдың наурызында Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың 4-отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде футболды дамыту мәселесін сөз еткен болатын.

Ұқсас жаңалықтар

This couple Quit Their Jobs To Travel The World In A Customized Bus

admin_arda

Өскеменде бірегей фармацевтика қоймасы ашылды

Orazay Jenis

10 Predictions About the Future of Photography

admin_arda