ARDA.KZ ақпараттық сайты
АймақЖаңалықтарМәдениет

Өскеменде қымызмұрындық ғұрпы ұлықталады

Облыс орталығындағы Арбатта қымызмұрындық ғұрпы ұлықталады, деп хабарлайды Arda.kz.

Игі іс-шараны облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы ұйымдастырады. Қалалықтар мен қонақтар қымыздан дәм татып, сауын маусымын ашады.

– Біздің мақсатымыз Ұлы даланың қасиетті сусынымен байланысты салт-дәстүрлерді ұлықтау, – дейді ұйымдастырушылар.

Мерекелік шарада облыстық филармонияның әншілері, «Нұр-Алтай» би ұжымы, «Ақниет», «Атамұра» ансамбльдері, «Белес» этно-фольклорлық тобы және әнші Аслан Шыңғысбекұлы өнер көрсетеді. Сондай-ақ викториналар, ұлттық ойындар, қолөнершілер көрмесі мен ұлттық тағамдардың жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Қымызмұрындық сағат 12:00-де басталады.

Ұқсас жаңалықтар

Banten’s Sawarna: A Hidden Paradise Facing The Indian Ocean

admin_arda

Өскемендегі өнер музейінде ерекше көрме ашылды

Orazay Jenis

Gadgets | Would You Strap On A VR Headset For Hours?

admin_arda