ARDA.KZ ақпараттық сайты
АймақЖаңалықтар

Қара Ертіс айдынына Сібір бекіресі қайта оралады

Қара Ертіс өзеніне сирек кездесетін және жойылып бара жатқан балық – Сібір бекіресі жіберіледі, деп хабарлайды Arda.kz.

Айдынды балықтандыру жұмысы 12 маусымда басталған. 20 маусымға дейін Күршім ауданындағы Боран ауылының маңында Қара Ертіске бір-екі жастағы 61 350 дана Сібір бекіресі жіберіледі.

Сирек кездесетін бұл балық түрі Ертіс бассейнінің тарихи «тұрғыны» саналады. Популяцияны қалпына келтіру мақсатында балықтандыру «OstFish» ЖШС арқылы мемлекеттік тапсырыспен жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, Сібір бекіресінің саны су электр станциялары салынған соң күрт азайды.

Ұқсас жаңалықтар

Apple MacBook Air Vs. Microsoft Surface Laptop

admin_arda

Canon Picture Profiles, Get The Most Out of Your Video Features

admin_arda

ШҚО-да суға кеткен үш адам іздестіріліп жатыр

Orazay Jenis