ARDA.KZ ақпараттық сайты
АймақЖаңалықтар

ШҚО-да дәрігерлерге құрмет көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында медицина қызметкері күніне орай мерекелік шара өтті. Адам жанынының арашасына айналған ақ қалатты абзал жандар марапатталды, деп хабарлайды Arda.kz.

Салтанатты іс-шараға қатысқан бірқатар медицина қызметкерлеріне «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Еңбек ардагері» «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» сынды төс белгілер және облыс әкімінің алғыс хаты табысталды. Сонымен қатар тағы бірқатар маман «Құрмет» грамотасымен марапатталды.

– Шығыс Қазақстан облысында, соның ішінде ауылдық жерлерде де емдеу мекемелерінің кең жүйесі қалыптасқан. Соңғы жылдары денсаулық сақтау нысандарын жөндеу, жабдықтау және құрылысын салу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. «Ауылдағы денсаулық сақтауды жетілдіру» ұлттық жобасы аясында бүгінгі таңда 35 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді, – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Сондай-ақ кейбір медицина қызметкерлеріне  «Сенім» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Үздік» төсбелгісі табысталды.

Аймақ басшысының айтуынша, биыл аталмыщ салада бірқатар нысан құрылысы жалғасады. Атап айтқанда, гематология орталығы, 200 төсек-орынды көпсалалы аурухана және Риддер қаласында 500 келушіге арналған емхана салынады.

Сонымен қатар облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығының хирургиялық корпусындағы бөлімшелерді жаңғырту, қайта жоспарлап, жабдықтау, Ана мен бала орталығының стационарын жаңа ғимаратқа көшіру секілді жұмыстар жүзеге асады.

Жуықта Қасым Қайсенов кентінде 150 орындық аурухана халық игілігіне берілгенін айта кетуіміз керек.

Ұқсас жаңалықтар

A Home So Uncluttered That It Almost Looks Empty

admin_arda

Bose’s Most Iconic Headphones Are On Flash Sale

admin_arda

Global Funds Expanding Into Massive Chinese Investment Market

admin_arda