ARDA.KZ ақпараттық сайты
Жаңалықтар

Қазақстандықтар маусымда қалай демалады: күнтізбе

Қазақстандықтар маусымда қалай демалады: күнтізбе

Жаздың алғашқы айында қанша күн демалыс бар? Tengrinews.kz шолу жасады.

Құрбан айт

Маусымда Қазақстанда мұсылмандардың маңызды мерекелерінің бірі Құрбан айт атап өтіледі. Биыл Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға сәйкес келеді. Сондықтан қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады:

  • Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 6, 7, 8 маусым — демалыс күндері.
  • Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 6 маусым — демалыс, 7 маусым — жұмыс күні, 8 маусым — демалыс.

ҚМДБ мәліметінше, Құрбан айт басталатын күн мамырдың соңына қарай нақты жарияланады, бір күнге ауысуы да мүмкін.

Құрбан айт қандай мереке?

Құрбан айт — мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Ол ораза айттан кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Бұл кезде әрбір мұсылман мүмкіндігі болса құрбан шалады, мал сояды.

Маусымда қанша күн демалыс бар?

Маусымда бес күн жұмыс істейтіндер үшін он күн демалыс бар, ал алты күн жұмыс істейтіндер үшін алты күн демалыс бар.

Ұқсас жаңалықтар

Fitness | How To Start (Or Get Back Into) Running

admin_arda

Күршім ауылында айналма жолдың құрылысы жүріп жатыр

Orazay Jenis

This Chicken Pesto And Zucchini «Pasta» Makes The Perfect Dinner

admin_arda