ARDA.KZ ақпараттық сайты
Жаңалықтар

Тарбағатайда таяуда бетон зауыты іске қосылады

Тарбағатайда таяуда бетон зауыты іске қосылады

Тарбағатай ауданында бұрын асфальт төселмеген Қарасу, Құйған, Байтоғас, Жаңаауыл ауылдарының орталық көшелеріне орташа жөндеу және аудандық маңызы бар Жаңаталап ауылына кіреберіс жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Аталған ауылдарға апарар жолды жөндеу үшін қажетті құжаттары әзірленіп, ведомстволық сараптамадан өткізілді. Қажетті қаражат көлемі – 520,9 млн теңге. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары Марат Қызов айтты.

Жалпы Тарбағатай ауданында 2023 жылы аудандық маңыздағы ауылдық округ орталықтарына баратын негізгі жолдарды 100% асфальт жолмен қамтамасыз етілген. Енді ауылдарға баратын және ауыл іші жолдарын жөндеу басталған.

– Жолдарды жөндеу жұмыстарын кезең-кезеңмен жүзеге асыру нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық маңыздағы автокөлік жолдарының үлесін  арттыру көзделуде. 2025 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында аудандық маңызы бар Бозша ауылына кіреберіс 0-3 шақырым, және де Қабанбай, Жаңалық ауылындарының көшелерін орташа жөндеуге жалпы құны 371,2 млн теңге қаражат бөлініп, жұмыстар басталуда. Сондай-ақ, Ақжар ауылының Абай көшесіне, және Даулетбай көшесінің аяғынан басталып Абай көшесінің аяғына барып  тоғысатын  аты жоқ көшеге  жалпы ұзындығы 1 650 метр  көше жолына  асфальт төселіп, құны 138,5 млн теңгеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.  Бұл жоба Тарбағатай тарихында тұңғыш рет жергілікті бюджеттің қаражатына жүзеге асырылғалы отыр. Сонымен қатар, Бозша ауылына кіреберіс жолдағы көпірді жөндеуге аудан бюджетіне 15,7 млн теңге қаражат бөлінді, – деді Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары Марат Қызов.

Сонымен қатар, 2024 жылы «ОблШығысЖол» ЖШС ауданға жылжымалы асфальт-бетон зауытын орнатса, ағымдағы жылы «Ивега» ЖШС Тәуке ауылында асфальт-бетон зауытын орнатып жатқаны, жақын күндері іске қосылатыны айтылды.

Ұқсас жаңалықтар

DriveShare Lets You Rent Your Dream Car From A Car Collector

admin_arda

In Kogonada’s ‘Columbus Modern Architecture

admin_arda

Barely Into Beta, Sansar Is Already Making Social VR Look Good

admin_arda