ARDA.KZ ақпараттық сайты
Жаңалықтар

Самар жағалауы Алакөлден де асып түседі – аудан әкімі

Самар жағалауы Алакөлден де асып түседі – аудан әкімі
сурет интернет желісінен алынды

Самар жағалауында Алакөлдегідей демалыс базасы салынады. Бұл үшін 10 миллиард теңгеден астам қаржы керек екені айтылды.

ШҚО Самар ауданында Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы жаңа туристік нысанның жобасы әзірленуде.

– Самара ауданы жағындағы Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы жаңа туристік нысанның жобасы әзірленуде. Жоба іске асса Алакөлден де асып түседі дегенге үміттенеміз, – деп бөлісті аудан әкімі Серік Жеңісов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Жоспар бойынша спорт және жаттығу алаңдары, кафелер, мейрамханалар, демалыс аймақтары болады. Арбат Новостройка ауылының маңында салынбақ.

Инфрақұрылымға шамамен 10-11 млрд теңге салу қажет екені есептелінген.

– Самардың суы суық деген ұғым қалыптасып қалған негізі. Шындығында мамырдан қыркүйекке дейін Самар жағалауында суға түсе беруге болады. Суы өте жылы. Біз бұл мәселе бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, – деп қосты аудан әкімі Серік Жеңісов.

Ұқсас жаңалықтар

Jennifer Lopez Nailed the Metallic Shoe Trend Again on a Date

admin_arda

Microsoft Details Updates To The Bing Maps Web Control

admin_arda

Thailand Earns Nearly 70 Awards in SmartTravelAsia.com

admin_arda