ARDA.KZ ақпараттық сайты
АймақЖаңалықтар

Зайсандағы 8 ауылға қашан газ тартылады?

Зайсандағы 8 ауылдың қашан газ тартылады?
шартты сурет

Зайсан ауданының 8 ауылына газ құбырлары қашан тартылатыны әлі белгісіз.

  Зайсанда 9 ауыл елді мекені газбен қамтамасыз етілген. Бұл ауданның жалпы халқының 78%-ын құрайды.

Қалған ауылдарына газ құбырлары әлі орнатылған жоқ.

Жобалау-сметалық құжаттамаға түзетулер енгізіп, сараптаманың оң қорытындысын күтіп отыр. Одан кейін, Энергетика министрлігіне қаржыландыру үшін өтінім беріледі.

«Зайсан ауданының 8 ауылына газ құбырын салу жобасы бар. Бірақ, жобаға қаражат әлі бөлінген жоқ. Сондықтан, газбен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар қашан басталатыны нақты белгісіз.»,-деді аудан әкімі Аэлита Ахметсалимқызы.

Әкімдік өз кезегінде Энергетика министрлігімен бірлесіп, жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелеріне Сарыбұлақ кен орнын жете барлауды енгізу мәселесін пысықтап жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Apple Watch Takes Center Stage Amid iPhone Excitement

admin_arda

Meet The Women At The Head of The Gym Revolution

admin_arda

Go Wild For Western Fashion With These Pioneering Outfits

admin_arda