ARDA.KZ ақпараттық сайты
АймақЖаңалықтар

Қытай миллиард теңге құяды: Күршімде балық зауыты салынатын болды

Қытай миллиард теңге құяды: Күршімде балық зауыты салынатын болды
Фото: Интернет желісінен

Күршім ауданындағы Ақсуат ауылында балықты өңдейтін цех салынады. Қытайлық инвестор бұл жобаға миллиард теңге қаражат жұмсамақ, деп хабарлайды Arda.kz.

Бұқтырма су қоймасының бойында жатқан Күршім ауданы қашан да балығымен әйгілі. Мұнда тұқы, көксерке, алабұға, қарақұйрық, шортан секілді балықтың түр-түрі бар. Күршімдегі «Төре-Тоғам» зауыты көксеркені Ресейге, Қытайға және Литваға экспорттайды. Ақуызы көп, калориясы аз көксерке шет елдерде ерекше бағаланады.

«Балық өндірісі – қалдықсыз өндіріс. Тіпті сүйек ұнына дейін өнімге жарайды. Соған қарамастан әлі күнге дейін ауданда балықты терең өңдейтін кәсіпорын жоқ. Ал қытайлық инвестор Ақсуат кентінде цех салу үшін миллиард теңге жұмсауға дайын, – деді Күршім ауданының әкімі Мейіржан Әлібеков.

Терең өңдеу цехы салынғаннан кейін вакуумдық қаптамадағы балық өнімдері Өскеменде мен еліміздің басқа қалаларындағы дүкен сөрелерінде пайда болады.

Ұқсас жаңалықтар

Woman Shares Transformation A Year After Taking Up Running

admin_arda

3 Books to Help You Create a New Lifestyle that Lasts

admin_arda

10 Predictions About the Future of Photography

admin_arda